Ол Есентаева деген тегінен бас тартып, өзін Баян Мухитденова деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал жұлдыз өзінің жан жары Бақытбек Есентаевпен арада болған жанжал туралы айтып берген болатын. Баян өзінің күйеуімен ажырасып кеткендігін растады.
Жақында күндерде Баян өзінің жазылушыларын Үндістаннан жолдаған суреттерімен қуантты. Ол өзінің құрбыларымен бірге демалып, әрі осы елде ем алып жүр. Сонымен қатар ол қазір ізденіс үстінде жүргендігін жаңа өзгерістерді күтетіндігін айтқан.
Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге
3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.
Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 106 «Денсаулыққы зақым келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.