Баян Есентаева қыздарға «мысықтай» болудың құпиясын ашты

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

«Анам кішкентай кезімнен тамақты аздап ішу керектігін айтып отыратын. «Баян, сен қыз баласың, сен әдемі, арық, жинақы болуың керек, сондықтан тамақты көп ішпе, шұқылап жесең жеткілікті» деп үнемі айтып отыратын», — деді Баян ақтөбелік бойжеткендердің сауалына.

Танымал продюсер әрі жүргізуші кондитерлік өнімдерге әуес емес екенін, алайда, анда-санда аздап жейтінін мойындады.

«Қыз-келіншектер тәтті тоқашқа тойып алады да, артынан ет жейді. Олай болмайды. Барлығын азайту керек.

Анам қоймаған соң, мен мысық сияқты шұқып жейтін едім. Содан болар әлі күнге дейін мысық секілді кіп-кішкентаймын», — деді продюсер күліп