Танымал продюсер айтулы іс-шарада сүйіктісімен бірге түскен суретін жүктеп қойды. Ал олардың қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен видеосы желі парақшаларының бірінде пайда болды.
Баян Есентаева бұл күні ұзын етекті жасыл түсті дизайнерлік көйлек, ал Тұрсынғали Алагөзов смокинг киді. Қос ғашық бұл күні фотографтардың жұмысын жандандырды.
Айта кетейік, продюсер алғашқы ұлттық телевизиялық жобаға қонақ ретінде шақыртылған. Өз жобаларын Есентаева келесі жылға дайындамақ.
Loading...