Баян Есентаева жәбір көрген әйелдерді қорғайтын ұйым құрмақ


Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанмен әңгіме барысында ол барша жұртты толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді, деп жазады Today.kz.

Продюсер тұрмыстық жағдайда қысымға ұшыраған әйелдердің қауымдастығын құру туралы жоспарымен де бөліскен.

«Мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің қауымдастығын құруға әзірмін. Меніңше, ең жақын адамыңнан жәбір көрудің не екенін өзгелерден көрі жақсы түсінетін сияқтымын. Осы оқиға орын алған кезде осындай бірден бір ұйым маған хабарласқан жоқ»,-деді Баян Есентаева.