Баян Есентаеваның болашақ күйеуі ажырасу үшін әйелімен соттасып жатыр

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Сот актілері базасында ерлі-зайыпты Алагөзовтердің бір-бірінің үстінен шағымданғаны туралы мәлімет бар. Ләйсира сотқа арызын 1 ақпанда түсірсе, Тұрсынғали 14 ақпанда беріпті.

Айта кетейік, әлі ажыраса қоймаған Алагөзовтердің екі баласы бар. Олар: қызы Әмина мен ұлы Арсен.

Ал Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында өздерінің осы көктемде үйленейін деп жатқандарын айтқан болатын. «Көктемде күн жылыған кезде, бәлкім, мамыр айында тойлайтын шығармыз» деген еді бизнесмен.


Әлеуметтік желідегі соңғы фотосуреттеріне қарағанда, болашақ жұбайлар қазір Мальдивте бірге демалып жатыр.