Баян Есентаеваның күйеуіне тағылған айып басқа бапқа ауыстырылды

Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс басқа ауыр бапқа ауыстырылды. Қазір белгілі продюсерге ауыр дене жарақатын салған күдікті  «кісі өлтіруге оқталу» дерегі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД департаментінің баспсөз қызметі хабарлады, деп жазады Caravan.kz.

Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің  өндірісінде. Қазіргі уақытта күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі  24-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша айып тағылды. Осы іс бойынша тергеу ІІД Тергеу басқармасының бақылауында", - деп мәлімдеді Алматы облыстық ІІД-нің баспсөз қызметі өкілдері. 

Ал әзірге қамауға алынған Бақытбек Есентаевтың қорғаушы жалдаған жалдамағаны белгісіз.


Еске сала кетсек,  өткен аптада танымал продюсер Баян Есентаева бас ми, дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген еді. Сондағы көрген куәлердің айтуынша оны өз күйеуі Бақтыбек Есентаев ұрып соғып, пышақпен жарақат келтірген. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген  Есентаеваға ота жасалды.