Баян Есентаеваның сіңлісі оның оралатынын айтты

"Өмірде түрлі жағдай болады. Бірақ ол жалғаса береді, тоқтауға болмайды! Сондықтан таяуда keshyou_official-дан (КешYOU тобынан - Авт.) жаңа трек және ол менің миымда дайын тұр, дайын тұрса, таяуда жаңа видео! @bayanyessentayeva_ маған "Тоқтама, жұмыс істе, мен таяуда қосыламын!" Қысқасы, бар жақсылық алда!", - деп жазды Бағым Мұхитденова. 

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.


 20 маусымда Баян Есентаева ауруханадан шығарылған еді.