Caravan Logo

Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі суреті жария болды

Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі суреті жария болды

Интернетте белгілі продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті жария болды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Сурет 24 шілдеде Instagram желісіндегі beautyroom_dsatzhan ("Beauty Room" Астанадағы оқу орталығы) парақшасында жария болды.

"Бізге ең талғампаз адамдардың өзі сенеді!" делінген суретте. Есентаеваның жанында тележүргізуші, бизнесвумен Динара Сәтжан отыр.



© instagram.com/beautyroom_dsatzhan

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.

 20 маусымда Баян Есентаева ауруханадан шығарылған еді.