Баян маған ақыл айтатын адам емес - Жан Ахмадиев

Жезөкшелерді қамшымен қуған атышулы рэпер Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызының өзіне қатысты пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Today.kz

"Баяндар (Баян Мақсатқызы, – ред.) маған ақыл айтатын адам емес. Олар болып жатқан жағдайдың түбіне жетпей отыр. Бұл – интернетке арналған жоба. Бұл жерде біз тек жезөкшелерді сабауды мақсат тұтып отырған жоқпыз. Олар білмей жатып "шамасы әйелдерге жетеді" деген қорытынды шығарып жатыр. Қазақ қамшыны жауына қолданбаған. Негізгі мақсатымыз – "Жез қамшы" деген бағдарлама арқылы қоғамдағы келеңсіздіктермен күресу", – деп түсіндірді Ахмадиев. 

Рэпер Алагөзованың пікірімен келіспейтінін айтты. 

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

"Қазақ қыздарының жезөкшелікті қалыпты нәрсе деп қабылдап жатқаны жаныма қатты батады. Егер өзіңіздің қызыңыз көшеде солай тұрса, асып тастайсыз ғой. Баянның пікірімен келіспеймін. Қаншама қыздың ойын өзгертіп отыр ол әйел. Кітабы шыққан соң кейбір қыздардың күйеуімен ажырасып кеткенін естідім. Маған "елді үйрететін сен кімсің?" дейді. Баян кім елді үйрететін?" – деді Ахмадиев. 

Рэпер енді заң бұзған дәрігерлер мен педофильдерге қарсы әрекет жасайтынын айтты. 


Айта кетейік, Жан Ахмадиев көшеде тұрған жезөкшелерді қамшымен ұрып, ол әрекетін видеоға түсірген еді. 

Алматы полициясы бұл видеоға қатысты пікір білдірді. 

"Полицияға аталған тұлғаға қандай да бір шара қолдану өтінішімен ешкім арыз түсірмеді", – деді ІІД баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз:

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек

Жауапқа тартылмаса көшеге шығып бәрін боқтаймын - Байзақова Жан Ахмадиевті сынап тастады