Баянның видео үндеуі 13 жасар Әлинұрға қамқорлық жасап жүрген "Слышу сердцем" қайырымдылық қорының атынан жарияланған. Ол Алматыдағы құлағы дұрыс естімейтін оқушыларға арналған мектеп-интернатқа Ұзынағаштан барып оқып жүр, ата-анасының қасына демалыс күндері ғана қайтады. Өз үйінде орта мектептен білім алу үшін оған құны 2 миллион теңге тұратын есту құрылғысы қажет.
"Бұл кітапқа Баян Есентаеваның қолы қойылған, болашақ кітап иесіне арналған бейне үндеуі де бар. Бәлкім, Баян сатып алушыға кітапты өз қолымен ұсынады", — делінген қор хабарламасында.
Кітапты қордың сайты арқылы сатып алуға болады.