Жуырда Баян Есентаева қыз ұзатып, "құдағи" атанса, таң қалмаңыз. Өйткені, "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова, жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Актрисаның таңдаған серісі кім? Тойдың уақыты қашан? Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды sputniknews.
Отандық шоу-бизнестегі танымал әрі басы бос сылқымға бұл сұрақтар жиі қойылады. Бүгінде Гүлназ сезімін селт еткізген серіні жолықтырғанымен, әзірге есімін жариялауға асығыстық танытып отырған жоқ.
"Дәл қазір, осыдан бір жыл өткен соң немесе 5-6 айдан кейін тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Көре жатармыз. 2-3 жыл…Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын", — деді актриса Гүлназ Жоланова.
Гүлназ "Қазақ аруы-2014" байқауында үздік атанып, Баян Мақсатқызының көзіне түскен болатын. Азулы продюсер, қарапайым қыздың кино әлемінде де жұлдызын жақты.