Тілсіз жау тұтанғанда гараж іші техникаға толып тұрыпты. Лезде күш алған жалыннан жолаушы таситын 4 автобус пен 3 жүк көлігі жанып кеткен. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері бір автобус пен ондаған газ баллонын сыртқа шығарып үлгеріпті. Әйтпегенде, жойқын жарылыс болып Баянауылдың күлі көкке ұшар еді. Оның үстіне гаражда жанармай таситын көліктер болған. Ал 1000 шаршы метр жерді шарпыған жалын, ғимараттың қаңқасын ғана қалдырған. Ал өрт 9 cағатта әзер өшірілген. От қасақана қойылған деген болжам бар.