Базарларда ветеринарлық қадағалау жүргізу деңгейі нашар - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

"Жүргізілген талдау мемлекеттік ветеринарлық қадағалау нысандарын идентификациялау жөніндегі мал дәрігерлік инспекторлардың жұмыстарының нашар екендіктерін көрсетіп отыр",- деп мәлім етті Р. Тоқсейітова.

Ол, ветеринарлық саладағы заңға сәйкес "идентификациялауға базарлар, мал сою, сақтау, өнімдерді қайта өңдеу және сату, мал өнімдерін әзірлеу, өндіру жөніндегі ұйымдар жататындығын" еске сала кетті.

"Бірақ 2005 жылдан бері, Идентификациялау жүргізу ережесі бекітілгеннен бастап, бұл процедурадан небәрі 2768 нысан өткен, ал мысалы бүгінде тек ветеринарлық бақылау жүргізілуге тиіс нысандарда сауда істейтін базарлар санының өзі 800-ден асып жығылады. Ал, небәрі 427 идентификациялық код берілген",- деді Р. Тоқсейітова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "республикадағы ауылшаруашылық құрылымдардың саны 200 мыңнан асып жығылады". Бірақ "идентификациялық код тек 725 нысанға ғана берілген".

"Сондай-ақ процедураның өзі жадағай сипатта жүргізіледі, себебі базарлардың, ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторлары осы кодты алған нысандардың ветеринарлық ережені сақтауларын қадағалауға қатысты жұмыстарды жүргізбейді",- деп атап көрсетті Р. Тоқсейітова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті