Б.Байбек Алматыда аялдамаларды жөнге келтіруді қолға алмақ

«Электронды билеттердің «Оңай» жүйесі бойынша жасап жатқан шаралардың барлығы - саланы көлеңкелі аумақтан шығару. Бүгін автотұрақтар мен билбордтар бағытында қолға іс-шаралар бүгінгі заманның талабы дер едім. Мәселе - мен жасап жатқанда, менен бұрын немесе менен кейін қолға алғанда емес, оны істеу керек», - деп атап өтті әкім.

Оның мәліметтері бойынша, Алматыда шамамен 2,5 мың аялдама бар. Олардың жаңасы тек 500-ден асады.

«Біз осы мәселемен айналысқымыз келеді, қала бойынша әдемі және ыңғайлы аялдамалар болғанын қалаймыз. Онда автобустардың келетін нақты уақыты, маршруттары көрсетілуі тиіс. Автобустар аялдамаларға уақытысында келуі керек. Бастысы - адамдар күтіп қалмай, жететін жеріне жылдам жетуін қамтамасыз ету», - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар әкім, автотұрақтарды «көлеңкелі» бизнестен шығаруға уәде берді.


«Адамдар автотұраққа келгенде, онда адамдар ақша жинап жүреді, бірақ квитанция да, чек те бермейді. Бір жылда қалаға тек 70 млн. теңге салық түскен олардан. Алайда ол бизнестен күніне 600 млн. теңге «көлеңкелі» пайда келіп тұрған», - деп түйді сөзін қала басшысы.