Б.Байбек тарихи тәрбиені күшейтуге қатысты партияның ұсыныстарын жария етті


Оның айтуынша, бүгінде балаларға арналған ертегілерді көбейту керек. Оның барлығы түсінікті тілде жазылуы шарт. Ал жастарға тарихи тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейткен жөн. «Осы орайда еліміздің терең тарихын баяндайтын деректі фильмдер мен ақпараттық-танымдық хабарлардың санын арттыру қажет. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тарихи-көркемдік мультфильмдер де патриоттық сезімді оятудың тиімді құралы бола алады. Мәселен, «Жаужүрек мың бала» фильмі көпшіліктің туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырды. Басқа мемлекеттердің сериалдары ұлт рухын көтеріп қана қоймай, ол халықты өзгелерге таныстырады. Бізге де осы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Сонда й-ақ тарихи тәрбие беру жұмысын ғаламтор арқылы үздіксіз жүргізіп отыру қажет», - дейді Б.Байбек.