Beeline Қазақстанның бірнеше қаласында болған желідегі ақаудың себебін түсіндірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Beeline Қазақстанның кейбір қалаларында - Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбеде мобильді интернет қызметін ұсынуда шектеулер болғанын растайды.​ Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз тұлғалар Beeline кабелін зақымдаған", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, ұялы байланыс операторының инженерлері оқиға орнында, байланыстарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


"Өкінішке орай, кейбір қалалардағы қолайсыз ауа-райы мен қалың қар жағдайды қиындатып отыр, бірақ біз қалпына келтіру жұмыстарын тездету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз" , - деп қосты Beeline Қазақстан.