Осы басылымда «Қайтсек көбейе аламыз?» атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Статистика мамандары 2015 жылдан бастап Қазақстандағы бала туу саны төмендей бастайтыны туралы болжам жасады. Оның себебі 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс кезінде дүниеге келген балалардың репродуктивті жасқа түсуі екен. Яғни тәуелсіздік жылдары өмірге келген бала санының аздығы бүгінгі күннің демографиялық көрсеткішіне де әсер еткелі отыр. «Қазақстанның халық санына орасан ықпал ететін екі демографиялық толқын бар. Біріншісін «күшті толқын», екіншісін «әлсіз толқын» деуге болады. Бұл толқындардың тарихы тым терең емес, Ұлы Отан соғысы жылдарына барып тіреледі», - деді мақала авторы.