Бейбіт Шүменов спорттық мансабын аяқтамақ

TalkSport.com сайтының тілшісі Майкл Бенсон твиттердегі парақшасында «Шүменов WBA президенті Хильберто Мендоске өзінің спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отырғандығын айтты» деп жазды.

Енді WBA «тұрақты» чемпиондық атағына ұйымның «уақытша» чемпионы кубалық Юниеру Дортикос (21-0, 20 КО) ие болады. Шүменов пен Дортикос сәуір айында өзара кездесу өткізуі қажет болатын. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алып қалуына байланысты кездесу кейінге қалдырылған еді.