Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап шықты

Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы украиндық Вячеслав Узелков болған. Көптеген спорт мамандары бұл кездесуді аса тәжірибелі В. Узелковтың жеңісімен аяқталады деп болжам жасаған еді. Бұған дейін бірде-бір рет жеңіліс тауып көрмеген Вячеслав Бейбітті мойындауға мәжбүр болды. 12 раундық жекпе-жек 118:108, 118:108, және 117:109 есебімен Әлем чемпионының пайдасына шешілді. Бұл атақты ол қаңтардың 29-ы күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында испандық Габриель Кампильомен өткен қарымта кездесуде жеңіп алған болатын. Ал ол оны 2009 жылы маусымның 20-сы күні Аргентинаның Санта-Фе қаласында Уго Гараймен болған кездесуде иеленген еді.

1983 жылы тамыздың 19-ында дүниеге келген Бейбіттің бұл кәсіпқой бокстағы 10-шы жекпе-жегі болды. Қазіргі таңда оның қоржынында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Азия-Тынық мұхит аймағының (WBO Asia Pacific), Бүкіләлемдік бокс кеңесінің Азия бокс кеңесінің (WBC Asian Boxing Council), Паназиялық бокс қауымдастығының (РАВА) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының Әлем чемпионы белбеуі бар.