Бейбітшілік пен төзімділікті ғаламдық нығайтуға бағытталған БҰҰ-ның миссиясына әлемдік діндердің жетекшілері дінаралық диалог жолымен ғана үлес қоса алады - БҰҰ бас хатшысы

"Дін өзгеше құдыретке ие күш. Ол бізде әлемдегі өз орнымызды табуға көмектесіп, отбасылар мен қоғамды біріктіреді. Ол адамды адамгершілік, имандылық және рахымшылықпен байытып, жанын жаңғыртып жадыратады",- делінген жолдауда.

Сондай-ақ, құжат мәтінінде атап көрсетілгеніндей, "дін көптеген түрде көрініс береді, бірақ біз баршаға ортақ әмбебап құндылықтарға, атап айтсақ, қайырымдылық , төзімділік , жақынын жебеу секілді ізгі қасиеттерге өз жүрегімізді ашамыз, бірде-бір дін монополия орнатып жекелей үстемдік құруға тиіс емес".
"Бұл құндылықтар БҰҰ жарғысы мен адам құқықтары жөніндегі бүкілхалықтық декларацияға, біздің бейбітшілікке деген жаппай ізденіс-талпынысымызға арқау болып табылады",- дейді К.Аннан өз хатында.
"Осындай еркіндіктерді билік өз тарапынан қорғай алмаған жерде қауіп-қатер туындайды. Діндер және оған табынушылар қудалауға, алалаушылыққа, басқыншылық пен қорлауға ұшыраған жерлерде барлығымыздың да ұнжырғамыз түсіп, қорланамыз. Мұндай жерде қоғамдық құндылықтар құнынан айрылады",- делінген жолдауда.
"Дінді көбінесе жарыққа теңеу үрдіс, бірақ дін қараңғылыққа жетелеп, қара күшке ие болатын тұстар да жоқ емес. Діни экстремизм көбінесе әйелдер мен ұлттық азшылдықтарға қарсы, оларды кемсітуде қолданылып келді. Дін - әртүрлі шиеленіс отын тұтату мақсатында да жиі қолданылды",- дейді БҰҰ бас хатшысы.
"Дүрдараздықты ауыздықтау, қудалауды тоқтату, адамдарды енжарлықтан арашалауда бәр жерде бірдей үн қоса алмай қалатын дін басшылары да баршылық",- деп атап көрсеткен К.Аннан.
"Сіздер ұлы өзгерістерге ұйытқы болып, адамдарды қоғамға қызмет етуге ынталандыра алатын үлкен әлеуетсіздер ",- деп бас хатшы өз хатында дін басыларға салмақ салған.