Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шетелдік мамандар оқу-материалдық база мен оқу бағдарламаларын бағалаудан өткізген. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, жақын уақыттарда Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасы дүниежүзілік стандарттарға қаншалықты жауап беретіні белгілі болмақ. Аудиторлық тексеріс аяқталған соң есеп беріліп, отандық әскери білім беруді жетілдіру бойынша кеңестер берілетін болады.
Былтыр желтоқсан айында консорциум мамандары Ұлттық қорғаныс университетінде осындай аудит өткізген болатын.