«Беймәлім Қазақстан»


Қазақстандық «Фото Сафари» тобы «Беймәлім Қазақстан» жобасын осы қордың қолдауымен жүзеге асырған. Шараның басты мақсаты – еліміздің сырға толы сұлу өңірлерін көпшіліктің назарына ұсыну. Фототілшілер Тянь-Шаньнан бастап Алтай өңірі, қарт Каспийге дейінгі аралықты екі жыл ішінде аралап, қайталанбас туындылар жасаған. Әсіресе кең байтақ еліміздің заңғар таулары мен үстірті, ну ормандары мен ондағы жан-жануарлары ерекше көз тартады. Болашақта туған өлкенің әсемдігін жан-жақты айғақтайтын шара жалғасын таппақ.