Онда Серікбол Сайлаубектің “бейнебаян түсіруге ақша жетпейді” деген жазуы бар картонды мойынына іліп алып, Алматының Арбат орталығында жүргені байқалады.
Суреттің астына қолданушылар түрлі пікірлер қалдырған. “Сендерге ақша жетпесе басқаларға қайдан жетсін”, “Ерігіп не істерлеріңді білмейсіңдер”, “Какой то калхозник это Сайлаубек, өзінше қатырдым деп жүр шоу бизнесте” деп жазып қалдырған. Ал бірқатары әншінің тұрмыстық жағдайы өте жақсы, ал бұл әшейін шоу үшін жасалып жатқан дүние екенін алға тартқан.