Бейонсе 850 мың долларға шіркеу сатып алды


Ғимарат 700 шаршы метр аумақты алып жатыр. Шіркеу 1900 жылы тұрғызылған. Бірақ соңғы бірнеше жылдан бері ғибадатхана ретінде жұмысын тоқтатып, қаңырап бос тұр, деп жазады TMZ басылымы.

Басылымның мәліметінше, шіркеуге жақын маңда әншінің әпкесі Соланж көшіп келіп, қарауына алады екен. Ашылғанына небәрі 1 апта болса да мұнда келушілердің саны 900 адамға жеткен.

Желі қолданушыларының айтуынша, шіркеуде литургияны әншінің өзі орындайды. Бірақ шіркеу сатып алғаны жөнінде Бейонсе ешкімге әлі тіс жармаған.