Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Конференцияны Франция президенті Эммануэль Макрон және БҰҰ көшбасшылары бірлесіп ұйымдастырды. Олар ақшаны " халыққа тікелей жеткізгісі" келгендіктен, қаржыны Ливан Үкіметіне емес, БҰҰ ұйымдары арқылы жөнелту туралы шешім қабылдады.
Бейрутқа Еуропалық комиссия 74 миллион доллар, Франция мен Катар 50 миллион доллардан жібереді.
АҚШ президенті Дональд Трам медикаменттер, азық-түлік, суды қосымша ұшақ арқылы жөнелтетінін және Ливанға көп көмек көрсететінін айтты.
Еске салайық, Бейрут портының ауданында 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен және ауруханалар зардап шеккен адамдарға толған. Жойқын жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап
шекті.