"Бейсен бәрін нық-нық айтады былжырап кетпей": Халық бағдарлама жүргізушілеріне наразы

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Бейсен Құранбек "Қаракет" бағдарламасының әрбір келесі бағдарламасына үзінді видеоларды желідегі парақшасында бөлісіп отырады. Әр жазған посттарына оқырмандар да ерінбей бағдарламаны өзінің ғана жүргізгенін көргісі келетіндіктерін айтуда.

"Бейсен аға құсап ешкім жургізе алмайды", "Бейсен ағаның жүргізгені дұрыс болар еді. Сіз сияқты басқалар жүргізе алмайды. Өтініш өзіңіз қолға алыңызшы осы хабарды. Сіз жүргізбегелі осы бағдарламаны көргім де келмейді. Сіз шын ниетіңізбен жүргізесіз. Мына адамдар жаттанды сөзбен жүргізетін сияқты ма, әйтеуір қарағым келмейді", "Ресейдің ток шоуы болып кетті ғой қарекеті. Бейсен ағаны қайда жіберген?", "Бейсен бәрін нық-нық айтады, былжырап кетпей, ол сияқты ешкім жүргізе алмайды-ау", "Қарекет соттың егізінің бірі болды. Бұрынғы ''Айтуға оңай'' жап-жақсы бағдарлама еді. Қайдасың "Айтуға оңай" бөлімше? Сағындық əрбір кезеңді. Əттең-ай жоқсың бірақ та. Бармақты тістеп отырмын", деп Бейсен мырзаның желідегі парақшасына оқырмандар осындай толассыз пікір жазады.