Бейсен Құранбек екінші рет ажалдан аман қалды

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Дәрігерлерден айналдым! 
Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалды. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті (бәрін жүрекке жақын қабылдаудың нәтижесі...). Жан сақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы. Енді палатада "постельный режимде" рақаттанып жатқан жай бар🤗. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын, қарбалас тірлікке қайта кірісем. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды", - деп жазды журналист.

Бұл жазбаны көрген желі оқырмандары танымал журналистке амандық пен саулық тіледі.