Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында, айықпас дерттен көз жұмды.
Бұған дейін талай емші-дәрігерлерге қаралып емделген. Бұл туралы әріптесі Дана Нұржігіт желідегі парақшасында жазды.
"Қимас досым,жанашыр әріптесім,журналистика,оның ішінде телевизия журналистикасында ҚҰБЫЛЫС болған саңлақ- Бейсен Құранбектен айрылып қалдық,ағайын!
Бейсенді қараған емшілердің бірі, "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың,қарағым-ау!" деген екен...
Нардың жүгін арқалап жүріп,айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың,Бейсеке...
Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына,соңғы деміне дейін қасында болып,кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға,әкесінің қос шынары-қыздарына,90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз!
Бақұл бол,досым!".