Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:15-те глоупстайлдан (фристайл) ерлер арасында жарыс өтеді. Сағат 14:00-де әйелдер арасында 10 км шаңғы жарысынан (классикалық мәнер) медальдар ойнатылады.Сағат 14:00-де әйелдер шорт-трегі шеберлері 500 м қашықтыққа жарысады. Сағат 18:00-де биатлонистер арасында 20 км қашықтыққа сайыс өтеді. Сағат 18:00-де конькиден 1 мың м қашықтыққа жарыс өтеді. Сағат 20:15-те шана спортынан командалық эстафета болады.