Мұндай тексеру шаралары жоспарлы түрде ай сайын жүргізіліп отырады. Электр сиреналар немесе басқа да дабыл құралдары қауіп төнген сәтте немесе төтенше жағдай болған кезде іске қосылады. Мұндай дабылды естіген бойда ақпарат алу құралдарын қосқан жөн ("Хабар", "Қазақстан", "Первый Евразия", "Астана", КТК, НТК телеарналары; радио — "Астана", "Шалқар", "Ретро FM", "Авторадио", "Казақ радиосы"), сол арқылы болған жайт туралы мәлімет пен не істеу қажеттігі жайында нұсқау аласыз.