Бейжің әуежайында тұмшалаған түтінге байланысты 226 рейс кейінге шегерілді

Қазіргі таңда Бейжің қаласындағы ауа құрамындағы зиянды заттар шектік шамадан тыс асып, әр текше метріне 500 микрограмға ал көлемі 2,5 микронға жеткен.

Осы жағдайға байланысты ел астанасында «күлгін» («қызылдан» кейінгі екінші жағдай) деңгейлі экологиялық қауіп төніп тұр. Қала тұрғындарына көшеге шықпауға, шыққан жағдайда арнайы маска мен тыныс алу мүшелерін улы газдан сақтайтын құрылғылар пайдалануға кеңес беріліп отыр. Сондай-ақ балаларды таза ауаға серуенге алып шығуға да тыйым салынды.

Қытайдағы мұндай экологиялық келеңсіз жағдайға жылу-электр стансаларынан шыққан түтін мен автокөлік газдары себеп болып отыр.