Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 10-ақпан күні Алматы әуежайындағы кезекші полиция бөлімшесіне хабарласқан Бейжің-Алматы рейсінің жолаушысы пенжегінің қалтасынан 3 мың доллар, 3 мың юань мен жалпы құны 500 мың теңгеден асатын қос ұялы телефонының жоғалғанын айтқан.
«Алматы әуежайының транзиттік аймағында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ҚХР-ның екі азаматы ұсталды. Жоғалған зат тексеру барысында Бейжің-Алматы-Дубай бағыты бойынша ұшқалы отырған шетелдіктерден табылды», - делінген хабарламада.
Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары толық аяқталды. Жуырда іс Түркісіб ауданының сотына жөнелтілді.