Бейжіңде Қазақ киносының апталығы өтеді

«Атамыш іс-шара қытайлық көрерменді Қазақстан Республикасының қазіргі кинематографиясымен таныстыруға арналған», -деп атап өтті Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.

«Елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты атап өткім келеді. Мемлекет басшыларының 2012 жылдың маусымында қол жеткізген келісімдеріне сәйкес, 2013 жылдың қарашасына жоспарланған - Қытайдағы Қазақстан Мәдениетінің күндеріне дайындық жүргізілуде. 2014 жылы ҚР-да ҚХР Мәдениетінің күндері өтеді», - деді Елші.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай халықаралық мәдени ұйымдар, соның ішінде ЮНЕСКО аясында белсенді өзара ықпалдасуда. Мәселен, бүгінгі күні қытайлық және қырғызстандық тараптап бірлесіп, Ұлы Жібек жолын Бүкіләлемдік мәдени мұра ескерткіші ретінде тануға өтінім беру бойынша жұмыстар жүргізуде.