Бейжіңде тәжік суретшісі С.Курбановтың «Таулар мен гүлдердің сиқыры» сурет көрмесі ашылды

Қытайдағы Тәжікстан елшісі Рашид Әлімовтың айтуынша, «Таулар мен гүлдердің сиқыры» атауы Тәжікстан туралы толықтай суреттеме береді.

ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманалиевтің атап өткеніндей, бұл көрме - Қытай мен Тәжікстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға ғана емес, ШЫҰ мүше мемлекеттерінің мәдени өмірінде де маңызды оқиға болмақ.