Bek air жолаушының ақшасын қайтармағаны үшін әуекомпанияны сотқа берді

Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

31 қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сотына Bek Air әуекомпаниясының үстіне компанияның қызметін пайдаланған тұтынушылар құқығы бұзылғаны туралы арыз берді. 

Комитет арызында тұтынушылар құқығы бұзылғаны, өйткені Bek Air сатып алынған әуебилеттерінің және көрсетілмеген қызметтердің (әуекомпанияның ұшу рейстері тоқтатылды) қайтармай жатқаны айтылады.

Комитет өкілдері 20 адамның ведомстводан көмек сұрағанын айтты, олар бұрындары 444 434 мың теңгеге билет алған. 


Осыған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ-та билет алып, оны пайдалана алмаған адамдар өз ақшаларын қайтара алмай жүргені айтылды. Сондай-ақ, әуекомпания билет ақысын қайтаратынын бірнеше рет мәлімдеген.