"Бек Эйрдің" эксплуатант сертификаты белгісіз мерзімге тоқтатылды


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, - делінеді министрлік таратқан хабарламада.