Бекәділ Шәймерденов Ханчжоудағы ойындарда «күміс» алды


81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз өзбекстандық Үмид Есановқа есе жіберді.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы бесінші күміс жүлдесі.

Еске салайық, Б.Шәймерденов ¼ финалға өту үшін тәжік атлеті Навруз Каримзоданы бір минутқа жетпей жеңген еді.