Айта кетелік, Бекемкүл Батырбекқызы - өлеңдері сазгерлер арасында бағаланып, әнге айналған бүгінгі ақындардың шоқтығы биік өкілдерінің бірі. Бекемкүл Батырбекқызының «Қазығұрт қызғалдағы», «Ақ сезім», «Өмір өрнектері», «Нұр шапағат», «Жүрек жылуы» атты жыр жинақтары жарыққа шыққан.
Ақынның өлеңіне жазылған М.Омаровтың орындауындағы «Түркия-Қазақстан» әні тыңдарман жүрегіне жол тауып, Түкия жерінде айтылып жүр. Әуенін Кеңес Дүйсекеев жазған «Егемен елім-ай» әні отандық ән сүйер қауым арасында кеңінен таралған.
«Еңселі, егеменді елдің бүгінгі тарихы, сындарлы жылдардың ішінде халқымыз жеткен жетістіктері, қазіргі қазақ қоғамының жаңаша келбеті қай ақынды болса да тебірентпей, толғантпай қоймайды, сондықтан да менің шығармашылығыма арқау болған негізгі тақырып туған ел, туып- өскен жер», - деді Бекемкүл Батырбекқызы журналистерге берген сұхбатында.
Шара барысында ақынның өмірбаяны, шығармашылық қызметі жөнінде кең көлемді мағлұмат беріліп, жыр сүйер қауым автор туындыларымен шағын кітап көрмесі арқылы тереңірек танысты.