Бекхэм Эбола вирусына қарсы жарнамаға түседі

Дэвид Бекхэм енді ЮНИСЕФ кампаниясының Эбола вирусына қарсы түсірген бейнеролигінің басты қаһарманы болмақ. Кампанияның аталмыш дертке қарсы күрес шараларында Бекхэм вирустан қорғанудың профилактикалық алдын-алу жолдарын көрсетеді, деп жазады muslim.kz.

Футбол ассоцициясы президенті атап өткендей, спорт жұлдызының ауыр дертке қарсы күресте қолдау білдіруі өте қажет.

Қазіргі уақытта Эбола вирусы Батыс Африка елдерінде жоғары қарқынмен жайылуда. Аталмыш ауруға шалдыққандардың қатары Либерия, Гвинея, Нигерия және басқа да мемлекеттерде көптеп тіркелген. Ауру қан арқылы жұғады.