Бекшин алматылықтар көбіне қай жерде коронавирус жұқтыратынын айтты


Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Себебін анықтау үшін сараптама жүргізгенде 56 пайыз, яғни, 6408 жағдай жұмыс барысында тіркелгенін анықтадық. 20 пайыз, яғни, 1948 жағдайда науқаспен үй жағдайында байланыста болғанда жұқтырған және 13 жағдайдың себебі анықталмады. Байланыста болғандар бақылауда, 48 мыңға жуық адам жақындары, 22 мың адам жұмыс бойынша байланыста болғандар. Бүгінде үй карантинінде жатқан 7 мың адам бақылауда", - дейді Бекшин.