Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ, бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деді Бекшин.
Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.