Бекзат Саттарханов жайында 10 дерек

Caravan.kz медиа порталы Бекзат Саттарханов жайында 10 деректі назарларыңызға ұсынады.

1.Бекзат Сейілxанұлы Саттарxанов 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген.

2.Бекзат әкесі Сейілxан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы.

3.Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған.

4.1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылады, бапкері Нұрлан Жұмабаев болған.

5.Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай өтпелі кезең деп ойлаған.

6.Бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық жарыстың жеңімпазы атанады.


7.Қожа Аxмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін бітірген.

8.Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан.

9.Бекзат Саттарxанов Сидней олимпиадасында қарсыласы 22:14 есебімен жеңіп, Сидней олимпиадасының чемпионы атанған.

10.2000 жылы желтоқсанның 31 күні, небары 20 жасында жол-көлік оқиғасынан өмірден өтті.