3 сағат бұрын Астана әуежайына келіп қонған мәртебелі мейманды Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко күтіп алды. Екі ел басшыларының ресми кездесуі мен салтанатты қабылдау ертең Ақордада өтеді. Бірақ бүгін Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев бейресми жағдайда жүздеспек. Себебі Кеден Одағының шешілмеген түйткілдері әлі де шаш етектен. Басшылар осы мәселелер төңірегінде пікір алмаспақшы.