Беларусь Қазақ мұнайын өз елінде өңдеуге ниетті

«Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық шамамен 727 млн. долларды құрап, 17 пайыз өсім көрсетті. Жыл соңына дейін өзара сауда көлемі 1 млрд. долларға жетеді деп күтудеміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екі ел арасындағы сауда-саттықта теңгерімсіздік бар әрі оны беларусь тарабы жоюға дайын. Бұл ретте М.Русый қазақстандық импортты көмірсутек шикізаты мен мұнай өнімдерін беларусь кәсіпорындарында өңдеу арқылы еселей түсуге болады деген ойын жеткізді.

«Бұған мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге тезірек қол қою өз септігін тигізер еді», - деді М.Русый.