Беларусь тіліне аударылған Абай шығармалары еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартты

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов мекеме басшылығы мен аударма авторына жоғарғы деңгейде орындалған шығармашылық еңбек үшін алғыс білдірді.

«Беларусь тіліне аударылған Абай шығармасы еуропалық мәдениет кеңістігіне, аясы кең славян әлеміне жол тартады», - деп атап өтті тұсаукесер рәсімінде А.Смирнов.

Іс-шараға Минскіде тіркелген ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшілері, ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Беларусь зиялы қауымы мен БАҚ өкілдері қатысты.