Беларусь турнирінде қазақ палуандары екі «алтын», «күміс» және «қола» медаль еншіледі

деп хабарлайды ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен 15-16 қыркүйекте Витебск қаласында (Беларусь) 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем және Еуропа біріншіліктерінің бірнеше дүркін чемпионы Игорь Каныгин атындағы 17-ші ашық республикалық чемпионат өтті.

Ресей, Украина және Беларусь елдерінің палуандары қатысқан турнирге қазақ күресшілері де барған болатын. Қазақстан спортшыларының еншісінде 4 медаль бар. Оның екеуі «алтын», 1 «күміс», 1 «қола» медаль.

Турнир чемпионы атағына 55 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрсұлтан Қалмұрзаев пен 96 келі салмақтағы Шыңғыс Сыздықов қол жеткізді. 74 келі салмақта Рашид Кочиев тек ақтық сында сүрінді. Сол айқаста біздің палуан 2012 жылы Олимпиада жүлдегері атанған боз кілем иесі Александр Кикиневке жеңілді. Осы салмақта Асхат Жаңбыров үшінші орын еншіледі.