Беларусь-Қазақстан Еуропа-2015 жастар чемпионатының матчына кіру - тегін

Қазақстан командасымен болатын кездесуге (басталуы сағат 18.00-де) кіру тегін болады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Бірінші ойында исландиялық футболшылардан жеңіліс тапқаннан кейін (1:2) беларусьтардың бас бапкері Алексей Вергеенко өзінің шәкірттерін қазақстандық футболшылардан басым түсуге дайындауда.

Бұған дейін белоруссиялық құрама исландық аяқдопшылардан 1:2 есебімен ұтылған болатын.

Беларусь футболшылары Қазақстан құрамасымен матчқа дайындықты 2 маусым күні «Минск» ФК-ның алаңында бастады. Оның алдында қазақстандық жастар Таллинда эстондық үзеңгілестерімен шеберліктерін сынап, кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын.