Беларусссия президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада беларустік әріптесі Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді.


           Кездесу Беларуссия басшысының 3-4 қазан күндерге көзделген ресми сапары шеңберінде өтпек, делінген дүйсенбіде елбасының баспасөз қызметінен таралған хабарламада.
           Келіссөздерде мемлекет басшылары сауда-экономикалық және индустриалды-инновациялық салаларда, агроөнеркәсіп кешенінде өнеркәсіптік кооперация бойынша ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселелерін талқыламақ.
           Ел басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қоймақ.
           Белоруссия президентінің сапары мемлекеттердің екіжақты және көп жақты форматтарда ынтымақтастығын жандандыруға жаңа қарқын бермек.