ТМД елдерінің ұзақ мерзімді бақылаушылары қазір сайлау мен референдумға дайындық барысын қадағалауда. Олар депутаттықтан үміткерлермен, сайлауға өз үміткерлерін үкілеген еңбек ұжымдарымен, саяси партиялар мен бірлестік өкілдерімен және сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесулер өткізуде.
17-қазан, сайлау күні Ресей мен Украинаның Беларусьпен шектесетін облыстарынан ТМД елдерінің үлкен бақылаушылар тобы келеді деп күтілуде. Олардың біраз бөлігі күні бүгінге дейін аккредитация алып үлгерсе, 37 адам қазір аккредитациялануда.
Миссия штабы "сайлау компаниясына жүргізілетін мониторингті ТМД елдерінің бақылаушылары сайлау округтерінің біреуін қалдырмай, толыққанды бақылау жасауына жағдай тудыру бағытында ұйымдастырмақшы". Штаб өкілдерінің пікірінше, мұндай кең көлемді мониторинг қорытынды мәлімдемені жан-жақты әрі обьективті жасауға мүмкіндік береді. Қорытындыны ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло 18-қазан күні таңертең жария етеді.