«Жаңа әуе кемесін сатып алу бізге Минскіден Алматыға жаңа рейс ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті авиакомпания басшысы Минскіге Boeing 737-800 жеткізілгеннен кейін, ол авиатасымалдаушы флотындағы 27-ші ұшақ болып отыр. Ол ұшулар тұрақты негізде орындалатынын нақтылады.
Анатолий Гусаров: «Біз жолаушыларға неғұрлым жайлы болуын және ұшу құнын төмендету үшін әуе паркімізді жаңартуға барынша күш салудамыз», деп мәлімдеді.
«Белавиа» Беларусьтағы жетекші ірі авиатасымалдаушы. 2014 жылы авиакомпанияның әуе флоты 5 ұшақпен толықты. Өткен жылғы қаңтардың соңында авиакомпания ашық акционерлік қоғам заңды мәртебесінде жұмысын бастады. Компания Еуропа, ТМД және Азия елдерінің 27 еліне 45 әуежайларға тұрақты рейстерді жүзеге асыруда. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. 2014 жылы «Белавиа» 1 млн. 970 мыңнан астам жолаушыны және 2 207,2 тонна жүк пен поштаны тасымалдады, бұл мұның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5 пайыз көп.